Осы редакция 2016 жылғы 22 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
міндетін атқарушы
2015 жылғы 5 мамырдағы
№ 311 бұйрығына
1-қосымша
«Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына лицензия алу үшін біліктілік емтиханын өткізу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші), соның ішінде www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетіледі.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған).
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - біліктілік комиссиясының біліктілік емтиханынан өткені немесе өтпегені жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына туралы шешімі немесе көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесін алу үшін жүгінген жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі электрондық форматта ресімделеді, басып шығарылады және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының мөрімен және қолымен куәландырылады.
Порталда мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.
4. Осы регламентте пайдаланылатын ұғымдар мен қысқартулар:
1) «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі - ЭҮП) - нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық мемлекеттік қызметтерге қолжетімділіктің бірыңғай терезесін білдіретін ақпараттық жүйе;