Бесқарағай ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібін және мөлшерін бекіту туралы
Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 11 тамыздағы № 55/8-VI шешімі
(2023.16.09. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2024 жылғы 19 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Абай облысы Бесқарағай аудандық мәслихатының 2023.24.08. № 6/14-VIII шешімімен тақырыбы жаңа редакцияда (2024 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18-бабының 5-тармағына сәйкес, Бесқарағай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Абай облысы Бесқарағай аудандық мәслихатының 2023.24.08. № 6/14-VIII шешімімен 1-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Бесқарағай ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына көрсетілетін коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алуға бюджет қаражаты есебінен 11,197 (он бір бүтін мыңнан жүз тоқсан жеті) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бекітілсін.
Абай облысы Бесқарағай аудандық мәслихатының 2023.24.08. № 6/14-VIII шешімімен 2-тармақ өзгертілді (2024 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)