Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Регламентіне толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2015 жылғы 13 ақпандағы № 1 Нормативтік қаулысы
«Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы» 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 2737 Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 9-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2002 жылғы 19 сәуірдегі № 1 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі Регламентінің 34-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2002 жылғы 19 сәуірдегі № 1 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Регламенті (Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Жаршысы, 2002 жыл, № 5-басылым; «Юридическая газета» 2002 жылғы 15 мамырдағы № 19; Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Жаршысы, 2006 жыл, № 9-басылым; «Юридическая газета» 2009 жылғы 18 ақпандағы № 25) мынадай мазмұндағы 4-тараумен толықтырылсын:
«4-тарау. Конституциялық Кеңестің халықаралық ынтымақтастығы және ұйымдастырылуы мен қызметінің өзге де мәселелері