«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кәсіби қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу және біліктілік беру жөніндегі мемлекеттік қызметтерін автоматтандырылған режимде көрсету бойынша пилоттық жобасын іске қосу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 26 мамырдағы № 344 және Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 27 мамырдағы № 115/НҚ бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2025 жылғы 14 шілдедегі № 383 және Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2025 жылғы 23 шілдедегі № 382/НҚ бірлескен бұйрығы
БҰЙЫРАМЫЗ:
1. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кәсіби қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу және біліктілік беру жөніндегі мемлекеттік қызметтерін автоматтандырылған режимде көрсету бойынша пилоттық жобасын іске қосу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 26 мамырдағы № 344 және Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 27 мамырдағы № 115/НҚ бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32616 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«1. 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасының бүкіл облыстарында, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің келесі мемлекеттік қызметтерін автоматтандырылған режимде көрсету бойынша пилоттық жоба іске қосылсын:
«Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу»;
«Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу»;
«Жеке сот орындаушысының қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу»;
«Сот сарапшыларын аттестаттау»;
«Сот-медициналық, сот-психиатриялық, сот-наркологиялық сарапшыларды аттестаттау»;