«Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің м.а. 2026 жылғы 16 қыркүйектегі № 257-НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5191 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды жүргізудің үлгілік қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Қағидаларда мынадай анықтамалар қолданылады:
1) ағымдағы үлгерімді бақылау - білім алушылардың оқу мақсаттарына қол жеткізуін бақылау мақсатында сабақтарда оқу материалын зерделеу барысында олардың оқу жетістіктерін жүйелі түрде бағалау;
2) аралық бағалау - білім алушылардың 2-4-сыныптарда оқу бағдарламасына сәйкес бөлімді (бөлімдерді) зерделеуді аяқтағаннан кейін оқу материалын меңгеру деңгейін айқындайтын бағалау түрі;
3) бағалау - білім алушылардың оқуда нақты қол жеткізген нәтижелерін оқытудан күтілетін нәтижелермен әзірленген критерийлер негізінде салыстыру процесі;
4) бағалау критерийлері - білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауды жүргізуге негіз болатын белгілер;