«Авиация персоналын кәсіптік даярлау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 159 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 26 маусымдағы № 433 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Авиация персоналын кәсіптік даярлау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 159 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10562 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 7 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Авиация персоналын кәсіптік даярлау қағидаларында:
3-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым (бұдан әрі - уәкілетті ұйым) - жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын, Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласын орнықты дамытуды, ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған қызметті жүзеге асыратын акционерлік қоғам;»;
5-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Авиация персоналына жататын адамдар өзінің кәсіптік қызметін жүзеге асыру үшін уәкілетті ұйыммен келісілген бағдарламалар бойынша кәсіптік даярлықты жүргізеді.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Авиация персоналын кәсіптік даярлау авиациялық оқу орталықтарының және азаматтық авиация ұйымдарының авиация персоналын кәсіптік даярлаудың әзірленген, уәкілетті ұйыммен келісілген бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады.»;
9, 10, 11, 12 және 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: