«Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 8 қаңтардағы № 9 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 17 ақпандағы № 14 бұйрығы
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 17 шілдедегі № 67 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 8 қаңтардағы № 9 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10555 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 61-бабының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу қағидалары мен мерзімдерінде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу қағидалары мен мерзімдері (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 61-бабына сәйкес әзірленді.»;
7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамы мемлекеттік органның даму жоспарын, жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджетті, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу үшін негіз болып табылады.
8. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму болжамы облыстың, ресубликалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің жергілікті бюджеттерін әзірлеу үшін негіз болып табылады.»;
10-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«9) жалпыұлттық басымдықтарды іске асыруға бағытталған жаңа шығыстар бастамалары;»;