Введите номер документа
Прайс-лист

«Соттардың Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің Ерекше бөлігінің нормаларын қолдануының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2017 жылғы 6 қазандағы № 7 нормативтік қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2019 жылғы 31 мамырдағы № 4 Нормативтік қаулысы

Информация о документе
Датапятница, 31 мая 2019
Статус
Действующийвведен в действие с 11 июня 2019
Дата последнего измененияпятница, 31 мая 2019

 «Соттардың Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің Ерекше бөлігінің нормаларын қолдануының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2017 жылғы 6 қазандағы № 7 нормативтік қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2019 жылғы 31 мамырдағы № 4 Нормативтік қаулысы

 

1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жоғарыда аталған нормативтік қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) 3-тармақта:

«133» деген цифрлар «132» деген цифрлармен ауыстырылсын;

«сатушының» деген сөздер «жұмыскердің» деген сөздермен ауыстырылсын;

2) 5-тармақ алып тасталсын;

3) 6-тармақтағы «404-бабы 3-тармағының» деген сөздер «499-бабы 2-тармағының, 527-бабы 3-тармағының» деген сөздермен ауыстырылсын;

4) 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«7. ӘҚтК-нің 281-бабы бесінші бөлігінің санкциясында әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын мұнай өнімдерін, темекі бұйымдарын және (немесе) құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кірістерді тәркілеу түрінде немесе онсыз қосымша әкімшілік жаза көзделген. Мұндай қосымша жазаны қолдану туралы шешім қабылданған жағдайда және мұнай өнімдері мен темекі бұйымдарын тәркілеу мүмкіндігі болмаған кезде оларды сатудан алынған кірістерді іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу барысында уәкілетті орган белгілеген мөлшерде тәркілеп алу қажет.»;

5) 9-тармақтағы бірінші және екінші абзацтар алып тасталсын;

6) 14-тармақтағы «460-бабында» деген сөздер «460-бабының бірінші бөлігінде» деген сөздермен ауыстырылсын;

7) 18-тармақтағы екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«Ресей Федерациясынан көшіп келушінің ӘҚтК-нің 517-бабының бірінші бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылығы Қазақстан Республикасының аумағында 30 күн болғаннан кейін ішкі істер органдарында үш тәулікке дейінгі мерзімде тіркеуден өтпей Қазақстан Республикасында болған жағдайда басталады.»;

8) 19-тармақтағы «ӘҚтК-нің 517-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген,» деген сөздер алып тасталсын;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом