ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2020.07.04. № 117 бұйрығымен қағидалары жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2014 жылғы 30 қазандағы
№ 7-1/559 бұйрығына
7-қосымша
Осы редакция 2025 жылғы 3 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Ветеринариялық бақылау бекеттерін ұйымдастыру
қағидалары
(2021.09.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2021.09.11. № 325 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Осы Ветеринариялық бақылау бекеттерін ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 20-бабы 4-тармағына сәйкес әзірленді және ветеринариялық бақылау бекеттерін ұйымдастыру тәртібін айқындайды.
2. Қазақстан Республикасының аумағына басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелінуі мен таралуының алдын алу мақсатында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру үшін ветеринария саласындағы уәкілетті органның ведомствосы Ветеринариялық бақылау бекеттерін (бұдан әрі - бекет) ұйымдастырады.
3. Бекеттер:
1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 9 шілдедегі № 697 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткiзу пункттерінің және Қазақстан Республикасының аумағындағы стационарлық көлiктiк бақылау бекеттерінің тізбесіне сәйкес шекаралық және кедендік пункттердің (Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінің) аумақтарында;
2) Қазақстан Республикасының шекара маңындағы аумақтарында және аймақтар арасында осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес ветеринариялық бақылау бекеттерінің тізбесі бойынша автомобиль қатынасы шегінде Қазақстан Республикасының аумағында ұйымдастырылады.