Осы редакция 2017 жылғы 7 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 23 ақпандағы
№ 132 бұйрығына
3-қосымша
«Теңiзде iздестiру, барлау, пайдалану ұңғымасын немесе
өзге де ұңғыманы бұрғылауға рұқсаттар беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Теңiзде iздестiру, барлау, пайдалану ұңғымасын немесе өзге де ұңғыманы бұрғылауға рұқсаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші), оның ішінде www.elicense.kz, www.egov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ портал арқылы жүгінген кезде - 15 (он бес) жұмыс күні;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты - 30 (отыз) минут;
3) қызмет көрсетуге рұқсат берілетін ең ұзақ уақыт - 20 (жиырма) минут.
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесi - теңiзде iздестiру, барлау, пайдалану ұңғымасын немесе өзге де ұңғыманы бұрғылауға рұқсаты немесе уәжді түрде бас тарту.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу үшін өтінімді қағаз нысанда ұсынған жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі электронды нысанда рәсімделіп, нәтижесі қағаз нысанға шығарылып, мемлекеттік қызметті беруші уәкілетті адамның қолы қойылады және мөрмен расталады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.