Осы редакция 2020 жылғы 21 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
және әлеуметтік даму министрінің м.а.
2015 жылғы 31 шілдедегі
№ 647 бұйрығына
6-қосымша
Медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша докторантураның үлгілік кәсіптік оқу
бағдарламасы
1. Оқу бағдарламасының паспорты
6D11-«Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» топ мамандықтары бойынша философия докторларын (PhD) және бейіні бойынша докторларды даярлаудың үлгілік кәсіптік оқу бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) медициналық және фармацевтикалық білім беру және денсаулық сақтау саласындағы ғылыми-зерттеу секторы үшін мамандарды іргелі білім беру, әдістемелік және зерттеу даярлығын болжайды.
Философия докторларын (PhD) және бейіні бойынша докторларды даярлаудың негізгі міндеттері:
мамандарды денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (медицина) саласы үшін ғылымның сәйкес бағыты бойынша толық және сапалы білім беру, кәсіптік құзыреттілік, теориялық және жеке практикалық дайындығын тереңдету;
кәсіптік қызмет аясындағы проблемалар мен міндеттерді тиімді шешуге қабілетті және медицина саласы бойынша ХХI ғасырдың талабына сай болуға қабілетті жаңа ғасыр мамандарын даярлау;
дайындықтан өткен мамандардың денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру саласында ғылыми-зерттеу және практикалық бағдарламаларды әзірлеуде және іске асыруда олардың көшбасшылық орын алуы үшін жеткілікті білімі мен іскерлік деңгейіне қол жеткізуі;
оқыту мен зерттеу қызметі арасындағы оңтайлы теңгерімді қамтамасыз ету, медицинаның нақты бағыты бойынша ауқымды ғылыми-практикалық және әдістемелік дайындықты іске асыру.
Осы міндеттерге қол жеткізудің негізінде докторанттардың базалық жəне бейіндеуші пəндер бойынша қажетті білім мен құзыреттін меңгеру, кәсіби практикадан (педагогикалық, зерттеу) өту жəне эксперименттік-зерттеу/ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау кезінде дағыдлары мен іскерлігін қалыптастыру болып табылады.