Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің
2020 жылғы 30 мамырдағы
№ 323 бұйрығына
6-қосымша
«Барлау учаскесінде бір мың текше метрден асатын көлемде тау массасын алуға және (немесе) топырақты ауыстыруға рұқсат беру»
мемлекеттiк қызметтер көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы «Барлау учаскесінде бір мың текше метрден асатын көлемде тау массасын алуға және (немесе) топырақты ауыстыруға рұқсат беру» мемлекеттiк қызметтер көрсетуқағидалары(бұдан әрі - мемлекеттiк көрсетілетін қызмет) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. «Барлау учаскесінде бір мың текше метрден асатын көлемде тау массасын алуға және (немесе) топырақты ауыстыруға рұқсат беру» (бұдан әрі - мемлекеттiк көрсетілетін қызмет) мемлекеттік көрсетілетін қызметін Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрі - қызмет беруші ) әзірледі.
3. Қағидалар жер қойнауын пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) қолданылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі
4. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы өтініш береді www.egov.kz және мынадай құжаттарды қоса береді:
1) құзыретті тұлғаның пайдалы қатты қазбалар ресурстарын бағалау мақсаттары үшін алынатын тау-кен массасы және (немесе) орны ауыстырылатын топырақ көлемінің сұралып отырған асып кетуінің негізділігін растайтын қорытындысы, сондай-ақ құзыретті тұлғаның өкілеттігін растайтын құжат.
Мүше болып табылатын жеке тұлға құзыретті тұлға деп танылады: геологиялық барлау жұмыстарының нәтижелері, минералдық ресурстар мен минералдық қорлар туралы Қазақстандық Кодексте (KAZRC кодексі) көзделген, оның қағидаларына сәйкес қазақстандық кәсіби ұйымының;