«Балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларында мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастыру және олардың жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 27 сәуірдегі № 120 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2024 жылғы 15 мамырдағы № 108 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларында мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастыру және олардың жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 27 сәуірдегі № 120 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22631 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларында мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастыру және олардың жұмыс істеу қағидаларында:
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Спорт секциясына қабылдау кезегі ақпараттық жүйеде автоматты режимде жүргізіледі және баланың және заңды өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), спорттық секцияның түрі, өтініштің нөмірі мен уақыты, секундтың үлесіне дейін дәлме-дәл, кезектегі реттік нөмірін қамтиды, сондай-ақ ақпараттық жүйе ұсынған мәліметтер негізінде бөлуге арналған орындардың тізімін қамтиды.
Кезек балалардың заңды өкілдерінің берген өтініштері бойынша баланың жас шектеулері ескеріле отырып, өнім берушінің әрбір спорт секциясы бойынша жеке құрылады.
Ішкі істер органдарында есепте тұрған девиантты мінез-құлықты балалар басым тәртіппен ақпараттық жүйеде тіркеледі.
Кезектегі позиция заңды өкілдердің өтінішті қайтарып алуына байланысты немесе ваучерді алу себебінен балалардың кезектен шығу себебінен кему жағына қарай және осы Қағидалардың 14-тармағына сәйкес ваучерлерін өнім беруші кері қайтарып алған балалардың кезекке оралу себебі бойынша өсу жағына қарай жылжиды.
Кезекте орын ауыстыруға жол берілмейді.»;
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«24. Шарт жасасу үшін баланың заңды өкілі өнім берушіге мынадай құжаттарды ұсынады: