«Ішкі істер органдарының азаматтық және қызметтік қару айналымы саласындағы бақылау жөніндегі бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 29 наурыздағы № 313 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 3 қарашадағы № 763 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ішкі істер органдарының азаматтық және қызметтік қару айналымы саласындағы бақылау жөніндегі бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 29 наурыздағы № 313 (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 13694 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 31 мамырда жарияланған) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
Ішкі істер органдарының азаматтық және қызметтік қару айналымы саласындағы бақылау жөніндегі бөліністерінің қызметін ұйымдастыру туралы нұсқаулыққа:
8-тармақ 1) тармақшаның бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес көрсетеді (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 19982 болып тіркелген).»;
8-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) «Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы» 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 26-тармақшасына сәйкес азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының криминалистік талаптарға сәйкес келуіне қорытындыны және есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуге рұқсаттар беруді қоспағанда қорытындылар мен рұқсаттар береді.»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: