«Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға арналған лицензия беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 2 қазандағы № 302 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 12 наурыздағы № 75 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға арналған лицензия беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 2 қазандағы № 302 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21364 болып тіркелген, 2020 жылғы 9 қазанда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға арналған лицензия беру қағидаларында:
5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес «Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға арналған лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі - Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты) жазылған.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке немесе заңды тұлға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) портал арқылы көрсетілетін қызметті берушіге Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағында көрсетілген құжаттарды жолдайды.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық құжаттарды портал арқылы тапсырған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұранымның қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама көрсетіледі.