«Қарашығанақ жобасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 13 желтоқсандағы № 1525 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 959 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қарашығанақ жобасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 13 желтоқсандағы № 1525 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулысымен бекітілген Аджип Карачаганак Б.В. («Аджип»), БГ Эксплорейшн энд Продакшн Лимитед («Бритиш Газ»), Тексако Интернэшнл Петролеум Компани («Тексако») компаниялары, «ЛУКойл» мұнай компаниясы» ашық акционерлік қоғамы («ЛУКойл»), «Қазақойл» ұлттық мұнай-газ компаниясы» жабық үлгідегі акционерлік қоғамы («Қазақойл») мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы 1997 жылғы 18 қарашадағы Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кен орнының мердігерлік учаскесінің Өнімді бөлу туралы түпкілікті келісімнің салық режимі туралы нұсқаулықта:
47-тармақта:
5) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«(а) негізгі құрал-жабдықтардың құны амортизациялық аударымдарды есептеу жолымен шегерімге жатқызылады. Негізгі құрал-жабдықтар осы Нұсқаулықтың № 1 қосымшасына сәйкес амортизацияның белгіленген шекті нормалары бар топтарға бөлінеді, осы 47-тармақтың (9) және (11) тармақшаларына сәйкес 100 % амортизацияға жататын шығыстар қосылмайды, олар әрбір Мердігер компанияның қалауы бойынша қолданылатын амортизация нормасы 100 %-ға дейінгі жеке салық тобын құрайды. Салықтық есептілікті беру мақсаттары үшін амортизация нормасы 100 %-ға дейінгі осындай жеке салық тобы бөлінуге жатпайды;»;
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9) Келісімге сәйкес және оған байланысты өзінің құрылысы бойынша шығындар, сатып алынған пайдалану мерзімі үш жылдан астам технологиялық жабдықтың құны Келісім күшіне енген сәтінен бастап әр Мердігер компанияның шешімі бойынша 100 %-ға дейінгі мөлшерлеме бойынша амортизация арқылы шегеруге жатады.