«Қазақстан Республикасы Президентінің «Өркен» білім беру гранты шеңберінде «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымына конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 27 сәуірдегі № 164 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2026 жылғы 11 тамыздағы № 220-НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Президентінің «Өркен» білім беру гранты шеңберінде «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымына конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 27 сәуірдегі № 164 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20509 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы Президентінің «Өркен» білім беру гранты шеңберінде «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымына конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларында:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы «Қазақстан Республикасы Президентінің «Өркен» білім беру гранты шеңберінде «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымына конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау тәртібін айқындайды.