«Спорт федерацияларын аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 121 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2025 жылғы 1 шілдедегі № 114 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Спорт федерацияларын аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 121 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10095 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Спорт федерацияларын аккредиттеу қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Спорт федерацияларын аккредиттеу қағидалары (бұдан әрi - Қағидалар) «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 7-бабының 29) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және «Ұлттық спорт федерацияларын аккредиттеу», «Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу» мемлекеттік қызметтерді көрсету (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.
Ұлттық және жергілікті спорт федерациялары аккредиттелуге жатады.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Ұлттық спорт федерацияларын аккредиттеуді дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) жүзеге асырады.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Аккредиттелген тиісті ұлттық спорт федерациясы жоқ бір спорт түрі бойынша бір ұлттық спорт федерациясы Қазақстан Республикасының аумағында аккредиттелуге жатады.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Спорт федерациясы облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жартысынан астамының аумағында спорт түрін (түрлерін) дамытқан жағдайда федерация «ұлттық» деген мәртебемен аккредиттеледі.»;
мынадай мазмұндағы 8-1тармақпен толықтырылсын: