«Облигациялар бойынша купондық сыйақыны субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 457 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2025 жылғы 22 мамырдағы № 169 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Облигациялар бойынша купондық сыйақыны субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 457 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19753 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Облигациялар бойынша купондық сыйақыны субсидиялау қағидаларында:
2-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«9) қарыз алушы - эмитентпен қарыз шартын, қаржы лизингі шартын не кредит желісін беру (ашу) туралы келісім жасасқан және көрсетілген шарттардың талаптарына сәйкес өзіне міндеттемелер қабылдаған, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және (немесе) өңдеу саласындағы басым жобалар бойынша кредит беру және қаржы лизингі үшін тауарлардың тізбесіне сәйкес қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға, дара кәсіпкер (оның ішінде шаруа (фермер) қожалығы), сондай-ақ кредиттік серіктестіктер, екінші деңгейлі банктер, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар, өңірлік инвестициялық орталықтар, микроқаржы ұйымдары;»;
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«23. Жұмыс органы облигациялық қарыз бойынша купондық төлемдер басталған күнге дейін 10 (он) жұмыс күні бұрын астық нарығы жөніндегі оператор болып табылатын эмитенттің банктік шотына жасалған келісімге сәйкес купондық сыйақының субсидияланатын бөлігін төлеммен аударады.
Бұл ретте, есеп беретін жылы астық нарығы жөніндегі оператордың облигациялары бойынша есептелетін купондық сыйақы бойынша субсидиялар есеп беретін жылдың 30 қаңтарынан кешіктірілмей тиісті қаржы жылына арналған бюджетте көзделген қаражат шегінде эмитенттің банк шотына аванстық төлеммен аударылады.