«Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 263 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2018 жылғы 7 желтоқсандағы № 351 бұйрығы
ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 2025 жылғы 30 маусымдағы № 298-НҚ бұйрығымен күші жойылды
«Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 2-тармағының 2-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 263 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15997 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылы 21 қарашада жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесінде:
2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«
| 2 | 2) мемлекеттік тіркеу орны бойынша | 5 жыл | Электрондық құжаттар* |
»;
16-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«
| 16 | 7) республикалық бюджеттік комиссияның, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік комиссиялары отырыстарының; | Тұрақты | Қағаз жеткізгіштегі құжаттар және олармен бірдей электрондық құжаттар |
»;
167, 168 және 169-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«