Введите номер документа
Прайс-лист

«Саяси партиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы № 336-VI Заңы

Информация о документе
Датапонедельник, 25 мая 2020
Статус
Действующийвведен в действие с 6 июня 2020
Дата последнего измененияпонедельник, 25 мая 2020

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ

 

«Саяси партиялар туралы»

Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

 

1-бап. «Саяси партиялар туралы» 2002 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 16, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 13, 53-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; 2009 ж., № 2-3, 6-құжат; 2012 ж., № 5, 41-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2014 ж., № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 22-I, 140-құжат; 2018 ж., № 12, 39-құжат; № 24, 93-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

1) 9-баптың 1-тармағының 8) тармақшасы «депутаттыққа» деген сөздің алдынан «осы Заңның талаптары ескеріле отырып,» деген сөздермен толықтырылсын;

2) 10-баптың 6-тармағындағы «қырық» деген сөз «жиырма» деген сөзбен ауыстырылсын;

3) мынадай мазмұндағы 15-1-баппен толықтырылсын:

«15-1-бап. Саяси партиядан Парламент Мәжілісі, мәслихат депутаттығына кандидаттар ұсыну ерекшеліктері

Саяси партия Парламент Мәжілісі, мәслихат депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін бекіткен кезде оларға кандидаттардың жалпы санының кемінде отыз пайызы көлемінде әйелдер мен жиырма тоғыз жасқа толмаған адамдарды енгізеді.».

2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

         Президенті

 

         Қ. ТОҚАЕВ

 

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2020 жылғы 25 мамыр

               № 336-VI

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом