«Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және берілген рұқсаттар бойынша рұқсат беру талаптарына сәйкестігін тексерулерді, азаматтық қорғаныс саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды жүргізу үшін қолданылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 758 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 31 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2023 жылғы 3 сәуірдегі № 170 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2023 жылғы 3 сәуірдегі № 45 бірлескен бұйрығы
БҰЙЫРАМЫЗ:
1. «Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және берілген рұқсаттар бойынша рұқсат беру талаптарына сәйкестігін тексерулерді, азаматтық қорғаныс саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды жүргізу үшін қолданылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 758 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 31 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17647 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және берілген рұқсаттар бойынша рұқсат беру талаптарына сәйкестігін тексерулерді жүргізу үшін қолданылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында:
11-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: