Қазақстан Республикасының аумағына автомобиль, су және теміржол көлігімен бидай әкелуге тыйым салуды енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2026 жылғы 11 шілдедегі № 273 бұйрығы
«Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына және 22-бабының 2-тармағына, «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 1-тармағына, «Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 29-бабына, сондай-ақ аталған Шартқа 7-қосымшаның 10-бөліміне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Үшінші елдерден және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен Қазақстан Республикасының аумағына құс шаруашылығы және астық өңдеу кәсіпорындарының, лицензияланған элеваторлардың, «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының мекенжайына теміржол көлігімен бидай әкелуді қоспағанда, автомобиль, су және теміржол көлігімен бидайды (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды: 1001) әкелуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін.
2. Құс шаруашылығы және астық өңдеу кәсіпорындарының мекенжайына әкелінген бидай ішкі және сыртқы нарықтарда өткізілмеуі (сатылмауы) тиіс.