Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «МЕМЛЕКЕТТІК ЖЕР КАДАСТРЫНАН МӘЛІМЕТТЕР БЕРУ» МЕМЛЕК...

Информация о документе
Датачетверг, 1 октября 2020
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениячетверг, 1 октября 2020

Қазақстан Республикасының

Ауыл шаруашылығы министрінің

2020 жылғы 1 қазандағы

№ 301 бұйрығына

1-қосымша

 

Осы редакция 2023 жылғы 19 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Мемлекеттік жер кадастрынан мәліметтер беру»

мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы «Мемлекеттік жер кадастрынан мәліметтер беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Мемлекеттік жер кадастрынан мәліметтер беру» мемлекеттік қызметін көрсету (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) жеке кабинет - «электрондық үкіметтің» веб-порталындағы пайдаланушының кабинеті;

2) мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - МЖК ААЖ) - мемлекеттік жер кадастрын жүргізуге арналған, жер учаскелерінің сапалық және сандық сипаттамаларын, оның ішінде олардың шекаралары туралы, сондай-ақ жер учаскелерінің иелері мен жер пайдаланушылар туралы мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйе;

3) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты - мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет ұсыну ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де мәліметтерден тұратын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі;

4) «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі - портал) - нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттар беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болып табылатын ақпараттық жүйе;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом