Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2016 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 580 бұйрығына
7-қосымша
Жылу электр станцияларының өндірістік ағын суларды тазарту қондырғыларын іске қосу және ретке келтіру жөніндегі әдістемелік
нұсқаулар
(2025.16.03. берілген өзгерістермен)
1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР Энергетика министрінің 2025.27.02. № 103-н/қ бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 16 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Осы Жылу электр станцияларының өндірістік ағын суларды тазарту қондырғыларын іске қосу және ретке келтіру жөніндегі әдістемелік нұсқаулар (бұдан әрі - Әдістемелік нұсқаулар) «Жылу энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 323) тармақшасына сәйкес әзірленген және өндірістік процестерде және іске қосу-ретке келтіру жұмыстары кезінде пайда болатын ағын суларды өңдеу және тазарту жөніндегі тазартқыш құрылыстарға қолданылады.
2. Әдістемелік нұсқаулар жылу электр станцияларының (бұдан әрі - ЖЭС) және ЖЭС өндірістік ағын суларды тазарту қондырғыларын іске қосумен және ретке келтірумен айналысатын мамандандырылған іске қосу-ретке келтіру ұйымдарының инженерлік-техникалық персоналына арналған.
3. Осы Әдістемелік нұсқауларда мынадай негізгі ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылды:
1) өнеркәсіптік ағын сулар - өнеркәсіптік кәсіпорындар аумақтарынан кәріз жүйесі немесе өздігінен ағызу арқылы су қоймаларына бұрылатын, қасиеттері бұзылған сулар;
2) сіңіргіш материалдар - сұйықтықта ерітілген заттарды сіңіре алатын материалдар;
3) сүзгілеу - әртекті жүйелерді дисперсиялық ортаны өткізетін және дисперсиялық қатты фазаны ұстап қалатын кеуекті материалдардың көмегімен бөлу процесі;