Введите номер документа
Прайс-лист

Кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдардың және өсімпұлдардың бюджетке түсуін есепке алу, сондай-ақ төлеушілердің жеке шоттарын жүргізу қағидасы (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 257 бұйрығына 2-қосымша) (күші жойылды)

Информация о документе
Датапятница, 3 апреля 2015
Статус
Утратил силу
утратил силу с 31 марта 2018

ҚР Қаржы министрінің 2018 жылғы 20 ақпандағы № 244 бұйрығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

2015 жылғы 3 сәуірдегі

№ 257 бұйрығына

2-қосымша

 


Кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдардың және өсімпұлдардың бюджетке түсуін

 есепке алу, сондай-ақ төлеушілердің жеке шоттарын жүргізу

қағидасы

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдардың және өсімпұлдардың бюджетке түсуін есепке алу, сондай-ақ төлеушілердің жеке шоттарын жүргізу қағидасы «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 140-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және кедендік баждардың, салықтардың және өсімпұлдардың бюджетке түсуін есепке алу, төлеушілердің жеке шоттарын жүргізу тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидада мынадай ұғымдар қолданылады:

1) қайтарылған сомалар - төлеушінің өтініші және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган қазынашылығының аумақтық бөлімшесінен (бұдан әрі - қазынашылықтың аумақтық бөлімшесі) берілген ақпарат бойынша мемлекеттік кірістер органы қайтарған бюджетке артық (қате) төленген баждар, салықтар, кедендік алымдар мен өсімпұлдар сомасы;

2) лауазымды адам - мемлекеттік кірістер органының бірінші басшысының немесе оны алмастыратын тұлғаның бұйрығымен бюджетке кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың дұрыс есептелуіне, толық және уақтылы түсуіне, сондай-ақ жеке шоттарды жүргізу жауапкершілігі жүктелген кеден ісі саласындағы уәкілетті органның (облыстар, мемлекеттік маңызы бар қалалар, астана бойынша) аумақтық бөлімшесінің, кеденнің, кеден бекеттерінің лауазымды адамы;

3) есепке жазылған сомалар - Қазақстан Республикасының кеден және салық заңнамасына сәйкес бюджетке төлеуге жататын кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың есептелген сомалары;

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом