«Ақтөбе облысында жерлеудің және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастырудың қағидаларын бекіту туралы» облыстық мәслихаттың 2019 жылғы 20 қыркүйектегі № 458 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Ақтөбе облыстық мәслихатының 2022 жылғы 14 желтоқсандағы № 163 шешімі
Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. «Ақтөбе облысында жерлеудің және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастырудың қағидаларын бекіту туралы» облыстық мәслихаттың 2019 жылғы 20 қыркүйектегі № 458 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6393 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Ақтөбе облысында жерлеудің және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастырудың қағидаларында 1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Жерлеудің және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастырудың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 1-16) тармақшасына сәйкес әзірленді және жерлеу мен зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастырудың тәртібін айқындайды.
Зират қорымдарын күтіп ұстауға және пайдалануға, қайтыс болған адамдарды немесе олардың сүйектерін жерлеуді және қайта жерлеуді ұйымдастыруға, сондай-ақ жерлеу мақсатындағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар «Зираттарға және жерлеу мақсатындағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 19 тамыздағы № ҚР ДСМ-81 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24066 тіркелген) бекітілген «Зираттарға және жерлеу мақсатындағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларында айқындалады.»;
«2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: