«Спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарын беру нормалары мен талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі міндетін атқарушының 2014 жылғы 28 қазандағы № 56 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2026 жылғы 10 қыркүйектегі № 174 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарын беру нормалары мен талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі міндетін атқарушының 2014 жылғы 28 қазандағы № 56 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9902 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарын беруге арналған нормалар мен талаптарда:
Спорттық атақтар, спорттық разрядтар және біліктілік санаттарын беру нормалары мен талаптарына 133-қосымшаның:
2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. «Қазақстан Республикасының спорт шебері» спорттық атағын беруге қойылатын талаптар 16 жастан бастап орындалады.
| № | Спорт жарысы | Орын |
| Спорт салалары: өзін-өзі қорғау, жекпе-жек, толық жанаспалы қоян-қолтық ұрыс |
| Кемінде 15 елдің/ облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың қатысуымен (спортшы қатысатын әрбір спорт саласында) (кемінде 3 жекпе-жек өткізу) |
| 1 | Ересектер арасындағы Азия чемпионаты | 1-2 |
| 2 | Ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты | 1-2 |
| 3 | Жастар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты | 1 |
| 4 | Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің әскери қызметшілері арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты | 1 |