«Тарифтерді қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 16 қарашадағы № 86 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Тарифтерді қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19617 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2019 жылғы 26 қарашада жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тарифтерді қалыптастыру қағидаларында:
мынадай мазмұндағы 626-1-тармақпен толықтырылсын:
«626-1. Теміржол көлігі саласында магистральдық теміржол желісін екі және одан да көп жүк тасымалдаушылардың пайдалануы жағдайында тарифтік сметаға тарифтің қолданылу кезеңіне, Ұлттық инфрақұрылым операторының маневрлік жұмыс қызметтеріне жоспарланған шығыстар енгізіледі.»;