Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының
2020 жылғы 20 сәуірдегі
№ 26/қе бұйрығына
3-қосымша
Осы редакция 2023 жылғы 28 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына шығуына рұқсаттамалар беру»
мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары
(2022.03.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2022.03.03. № 10/қе бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Осы Мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және «Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына шығуына рұқсаттамалар беру» мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін анықтайды (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет).
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2022.03.03. № 10/қе бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) мемлекеттік қызметті алушы Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына, сондай-ақ шетел азаматтарына, азаматтығы жоқ тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі