ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасының кейбір соттарын құру және қайта атау және Қазақстан Республикасы соттарының кадр мәселелері туралы
(2023.19.01. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Конституциясының 82-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 6-бабының 1-тармағына, 10-бабының 1-тармағына, 31-бабының 2, 8-тармақтарына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Мыналар:
Абай, Жетісу, Ұлытау облыстық соттары;
Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттары;
Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттары;
Абай облысы Семей қаласының, Алматы облысы Қонаев қаласының және Ұлытау облысы Жезқазған қаласының мамандандырылған тергеу соттары;
Алматы облысы Қонаев қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты;
Ұлытау облысы Жезқазған қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты құрылсын.
2. Мыналар:
Алматы облысы бойынша:
Алматы облысының Қапшағай қалалық соты Алматы облысының Қонаев қалалық соты деп;
Алматы облысының № 2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Алматы облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты деп;
Алматы облысының № 2 мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты деп;
Алматы облысының № 1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Жетісу облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты деп;
жаңадан құрылған Жетісу облысының аумақтық соттылығына жатқызылған Алматы облысының аудандық және оған теңестірілген соттары Жетісу облысының аудандық және оған теңестірілген соттары деп;
Қарағанды облысы бойынша: