Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2024 жылғы 13 наурыздағы № 229 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
1) «Сотталғандарды жазасын өтеу үшін қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелеріне жіберу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 22 тамыздағы № 551 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9759 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сотталғандарды жазасын өтеу үшін қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелеріне жіберу қағидаларында:
4-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4-1. Басқа облыстың тұрғыны болып табылатын адамды соттаған жағдайда ҚАЖ комитетімен алдын ала келісіп оны тергеу изоляторы әлеуметтік пайдалы байланыстарын қолдайтын адамдар тұратын облыстағы тиісті мекемеге жібереді.
Бұл ретте, сотталған адамның әлеуметтік пайдалы байланыстарын қолдайтын адамдардың тұрғылықты жері бойынша тіркелу мерзімі, егер ол тіркелген күннен бастап кемінде алты айды құраса ескеріледі.
Тергеу изоляторы соттың үкімі шыққанан кейін үш жұмыс күні ішінде сотталғаннан әлеуметтік пайдалы байланыстарды қолдайтын адамдарды, олардың тұратын жерлерін көрсетумен еркін нысанда қолхат алады және ҚАЖ комитетіне жолдайды.»;
мынадай мазмұндағы 17-тармақпен толықтырылсын:
«17. Басқа облыста тіркелген сотталған адамды оның әлеуметтік пайдалы байланыстарын қолдайтын адамдар тұратын облыстағы (қаладағы) мекемеге жібергенде, оның жеке ісіне оны мекеме орналасқан облыстың тұрғынына жатқызу бөлігінде түзетулер енгізіледі.»;
2) «Сотталған адамның әлеуметтік пайдалы байланыстарын қолдау үшін ауыстыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 31 мамырдағы № 375 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15332 болып тіркелген):