Введите номер документа
Прайс-листВидеоинструкция

«Қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы Еуропа конвенциясын ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 6 қазандағы № 2-І Заңы

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
«Қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы Еуропа конвенциясын ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 6 қазандағы № 2-І Заңы
Датавторник, 6 октября 2026
Статус
Действующий
введен в действие с 18 октября 2026
Дата последнего изменениявторник, 6 октября 2026

Документ входит в комплект(ы):

Документы на государственном языке, Мастер, СтройМастер, Профессиональная правовая информация, Юрист-VIP

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ

Қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы Еуропа конвенциясын ратификациялау туралы

 

1959 жылғы 20 сәуірде Страсбургте жасалған Қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы Еуропа конвенциясы (бұдан әрі - Конвенция) мынадай ескертпелермен және мәлімдемелермен ратификациялансын:

1) Конвенцияның 5-бабының 1-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Конвенцияның көрсетілген бабының 1-тармағының а) және с) тармақшаларында көзделген шарттар сақталған кезде іздеуге немесе мүлікке тыйым салуға қатысты құқықтық көмек туралы сұрау салуларды орындау құқығын өзіне қалдырады;

2) Конвенцияның 7-бабының 3-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы адамның келуі туралы шақыру қағазын табыс ету туралы тапсырманы адамның келуі белгіленген күнге дейін кемінде елу күн бұрын беру қажеттігі жөнінде мәлімдейді;

3) Конвенцияның 15-бабының 6-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы құқықтық көмек туралы сұрау салуларды жіберуге және алуға уәкілетті орталық органдар мыналар деп мәлімдейді:

a) соттардың іс жүргізуіндегі қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы сұрау салуларға қатысты - Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты;

b) қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы барлық басқа сұрау салуға қатысты - Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы;

4) Қазақстан Республикасы Конвенцияның 16-бабының 2-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасына жіберілетін құқықтық көмек туралы сұрау салулар және оларға қоса берілетін материалдар қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасымен қоса берілуге тиіс деп мәлімдейді;

5) Конвенцияның 23-бабының 1-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Конвенцияның 22-бабынан туындайтын міндеттемелерді 1963 жылғы 24 сәуірдегі Консулдық қатынастар туралы Вена конвенциясының 36-бабында көзделген шекте орындау құқығын өзіне қалдырады;

6) Конвенцияның 24-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Конвенцияның мақсаттары үшін заң органдары ретінде Қазақстан Республикасының соттарын, прокуратура және сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарын айқындайды.

 

 

Қазақстан Республикасының

Президенті

 

Қ. ТОҚАЕВ

 

Астана, Ақорда, 2026 жылғы 6 қазан

№ 2-І ҚРЗ

 

 

 

Добавить в список основных источников в Google

Добавление закладки

Выберите папку, куда хотите сохранить, нажав на неё:

Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь

Уважаемый пользователь! Мы стремимся постоянно улучшать качество наших услуг. Пожалуйста, поделитесь своими предложениями — Ваше участие поможет нам стать ещё удобнее и эффективнее для Вас!