«Арнайы экономикалық аймақ құру мақсаттарына сәйкес келетін арнайы экономикалық аймақ бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесін, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақ құру мақсаттарына сәйкес келетін, арнайы экономикалық аймақ бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесіне қызметтің басым түрлерін енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 142 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2021 жылғы 27 шілдедегі № 395 бұйрығы
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 22 ақпандағы № 72 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Арнайы экономикалық аймақ құру мақсаттарына сәйкес келетін, арнайы экономикалық аймақ бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесін, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақ құру мақсаттарына сәйкес келетін, арнайы экономикалық аймақ бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесіне қызметтің басым түрлерін енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 142 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16588 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Арнайы экономикалық аймағын құру мақсаттарына сәйкес келетін арнайы экономикалық аймақтар бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесінде:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. «Ұлттық индустриялық мұнай-химия паркі» арнайы экономикалық аймағы:
1) химия өнеркәсібі өнімдерін өндіру;
2) мұнай-химия өнімдерін өндіру;
3) жобалау-сметалық құжаттама шегінде қызметтің басым түрлерін жүзеге асыру үшін тікелей арналған объектілерді салу және пайдалануға беру;
4) көпбейінді аурухана салу және іске қосу.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
3. «Ақтау теңіз айлағы» арнайы экономикалық аймағы:
1) тұрмыстық электр аспаптарын жасау;
2) былғары және оған қатысты өнімдер өндіру;