«Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-медициналық (медициналық) қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № 723 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2025 жылғы 3 қарашадағы № 1533 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-медициналық (медициналық) қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 22желтоқсандағы № 723 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21873 болып тіркелген)мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-медициналық (медициналық) қамтамасыз ету қағидаларында:
2-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) әскери медицина - әскери-медициналық қызметтің ғылыми білімі (ғылыми-практикалық пәндер кешені) мен практикалық қызметінің жүйесін білдіретін, бейбіт уақытта және соғыс уақытында арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, азаматтық қорғау органдарының әскерлерін, бөлімшелері мен ведомстволарын жан-жақты медициналық қамтамасыз етуді өзіне мақсат ететін медицина мен денсаулық сақтау саласы;
2) әскери-дәрігерлік сараптама - Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарында, азаматтық қорғау органдарында медициналық қамтамасыз етуді оңтайлы жасақтау мен жетілдіру және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мәселелерді шешу мақсатында жүзеге асырылатын ғылыми, әдістемелік, ұйымдастырушылық және практикалық іс-шаралар кешенін білдіретін медициналық қызмет түрі;»;
2-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: