Осы редакция 2016 жылғы 21 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 9 сәуірдегі
№ 187 бұйрығына
№ 5 қосымша
«Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттарына аванс беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттарына аванс беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын (бұдан әрі - стандарт) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірлеген.
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
1) өтінішті тіркеген күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде;
2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге тапсыру үшін кезек күтудің барынша рұқсат етілген уақыты - 15 (он бес) минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген уақыты - 15 (он бес) минут.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз жүзінде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - көрсетілетін қызметті алушының банктік шотына аванстық соманы теңгемен аудару.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз жүзінде.
7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі
8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі-жұма аралығында 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ге дейін.
Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.