«Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 13 тамыздағы № 721 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесінде:
реттік нөмірі 258-жолда:
5-баған мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) «Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешенінің ахуалдық-талдамалық орталығы» акционерлік қоғамы»;
7-баған мынадай редакцияда жазылсын:
«үнемі, «Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешенінің ахуалдық-талдамалық орталығы» акционерлік қоғамына қатысты - 3 жыл»;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 261-1-жолмен толықтырылсын:
«
| 261-1 | Бірыңғай көлік ортасы арқылы мемлекеттік органдарға арналған сымды телекоммуникация байланыс | 61101 | республикалық меншік / коммуналдық меншік | «Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешенінің ахуалдық-талдамалық орталығы» акционерлік қоғамы | Қазақстан Республикасы | 3 жыл |
»;
реттік нөмірі 263-жолда:
5-баған мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) «Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешенінің ахуалдық-талдамалық орталығы» акционерлік қоғамы»;
7-баған мынадай редакцияда жазылсын: