Введите номер документа
Прайс-лист

«Ақтөбе облысының тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының алдын алу жөніндегі шектеу карантиндік шаралары туралы» Ақтөбе облысының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 14 қаңтарындағы № БМСД-2 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Ақтөбе облысының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 22 қаңтардағы № БМСД-4 Қаулысы (күші жойылды)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датасуббота, 22 января 2022
Статус
Утратил силу
утратил силу с 28 января 2022

«Ақтөбе облысының тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының алдын алу жөніндегі шектеу карантиндік шаралары туралы» Ақтөбе облысының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 14 қаңтарындағы № БМСД-2 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Ақтөбе облысының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 22 қаңтардағы № БМСД-4 Қаулысы

 

Ақтөбе облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 28 қаңтардағы № БМСД-5 Қаулысымен күші жойылды

 

Ақтөбе облысының тұрғындары арасында коронавирустық инфекцияның (бұдан әрі - COVID-19) таралуының алдын алу мақсатында, сондай-ақ Ақтөбе облысының аумағында қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 38-бабы 1-тармағының 4) тармақшасын, 2-тармағының 3) тармақшасын, 104-бабының 2, 3, 4, 7-тармақтарын және Қазақстан Республикасы Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйегіндегі № 38, 2021 жылғы 10 қыркүйегіндегі № 42, 2022 жылғы 13 қаңтарындағы № 1 қаулыларын басшылыққа алып, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. «Ақтөбе облысының тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының алдын алу жөніндегі шектеу карантиндік шаралар туралы» Ақтөбе облысының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 14 қаңтарындағы № БМСД-2 қаулысына (бұдан әрі - БМСД-2 қаулысы) келесідей өзгерістер енгізілсін:

1) БМСД-2 қаулысының 2 тармағы келесідей редакцияда жазылсын:

«1) мектепке дейінгі ұйымдарда - ата-аналардың өтініштері бойынша штаттық форматта;

2) жалпы білім беру мектептерінде:

- 1-4 бастауыш сыныптар (халықаралық мектептерде 1-6-сыныптар) - штаттық форматта;

- 600 оқушыға дейінгіні қоса алғанда - штаттық форматта;

- 600 оқушыдан жоғары - мектептердің жобалық қуатының 50%-нан аспайтын жүктемемен штаттық форматта.

Білім беру ұйымдары әкімшілігінің қалауы бойынша вакцинацияның толық курсын алған мектеп оқушыларын штаттық форматта оқытуға жол беріледі;

3) мектептен тыс ұйымдарда - штаттық форматта;

4) жоғары оқу орындарында және колледждерде аралас форматта - практикалық, зертханалық, семинар сабақтар, өндірістік практика икемді кесте бойынша штаттық режимде, дәріс онлайн.».

2) БМСД-2 қаулысының 1-қосымшасындағы 10 жолы келесідей редакцияда жазылсын:

«

Объектілер/салалар

Шектеу карантиндік шаралар

10.

6000 ш.м. дейінгіні қоса алғанда сауда алаңы бар сауда (азық-түлік) желілері

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйегіндегі № 38 қаулысының 5 қосымшасының талаптарын сақтаған жағдайда рұқсат етіледі.

»;

3) БМСД-2 қаулысының 1-қосымшасындағы 14 және 24-жолдары алынып тасталсын.

2. Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы халықты БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы жаппай хабардар етуді жүргізсін.

3. Қаулы меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.

4. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

5. Осы қаулы 2022 жылдың 24 қаңтары сағат 00.00-ден бастап күшіне енеді.

 

 

Ақтөбе облысының

Бас Мемлекеттік

санитариялық дәрігері

 

 

Р. Қойшанова

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами