Қазақстан Республикасы
Туризм және спорт министрінің
2025 жылғы 14 шілдедегі
№ 129 бұйрығына 3-қосымша
Бадминтон бойынша ұлттық спорттық дайындық стандарты
Түсіндірме жазба
Спорт түрлері бойынша спорттық даярлықтың ұлттық стандарты спортшыларды даярлауды стандарттау, жүйелеу және тиімділігін арттыру мақсатында әзірленген. Бұл стандарттың негізгі мақсаты - бадминтон бойынша спорттық даярлықпен айналысатын барлық мекемелер мен ұйымдарға ортақ талаптар мен өлшемшарттарды бекіту.
Мұндай стандартты әзірлеудің басты мақсаттары мен міндеттері:
1. Даярлықты біріздендіру Спортшыларды ел аумағында, өңірге, мектепке немесе жаттықтырушыға қарамастан, бірыңғай тәсілмен даярлауды қамтамасыз етеді.
2. Үздіксіздікті қамтамасыз ету Стандарт даярлық кезеңдерін - бастапқы дайындықтан бастап жоғары спорттық шеберлікке дейін - нақты құрылымға келтіреді. Бұл спортшыны дамытудың тиімді және қисынды жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
3. Даярлық сапасын бақылау Әрбір даярлық кезеңінде нәтижелерге қойылатын нақты нормативтер мен талаптар белгіленеді. Бұл жаттықтырушылар мен ұйымдардың жұмысын объективті бағалауға мүмкіндік береді.
4. Спорттық резервті қалыптастыруға жәрдемдесу Стандарттар дарынды спортшыларды анықтап, оларды дамытуға ықпал етіп, ұлттық құрамалар үшін сапалы резервті қалыптастыруға көмектеседі.
5. Халықаралық талаптармен үйлестіру
Стандартты әзірлеу кезінде халықаралық талаптар мен үрдістер ескерілген, бұл қазақстандық спортшылардың әлемдік аренада бәсекеге қабілетті болуына мүмкіндік береді.
1. Дене шынықтыру-спорт ұйымдарындағы спорттық даярлық кезеңдеріне қойылатын нормалар
| Ұйым түрі | Дайындық кезеңі/жасы | Топтардың толығуы (адам) | Бір аптадағы сағаттар саны | Бір жылдағы (52 апта) сағаттардың жалпы саны |
| Оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын ұйымдар (спорт мектептері, интернаттар, барлық түрдегі спорт клубтары, спорт секциялары) | АДТ - 1 | 12 | 8 | 416 |
| АДТ - 2 | 12 | 10 | 520 |
| ОЖТ - 1 | 10 | 12 | 624 |
| ОЖТ - 2 | 10 | 14 | 728 |
| ОЖТ- 3 | 8 | 18 | 936 |
| ОЖТ 3 оқу жылынан астам | 8 | 20 | 1040 |
| СЖТ - 1 | 6 | 24 | 1248 |
| СЖТ - 2 | 6 | 26 | 1352 |
| СЖТ - 2 оқу жылынан астам | 5 | 28 | 1456 |
| ЖСШТ | 4 | 36 | 1872 |