«Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 760 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11550 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларында:
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау маршруттарын ашу жөнiндегi мәселелердi шешу үшiн бастамашы маршрут схемасы мен ол бойынша қозғалыс кестесiн әзiрлейдi және оларды тасымалдауды ұйымдастырушыларға:
тұрақты халықаралық маршруттар бойынша – автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті органға;
жолаушылар мен багажды автомобильмен қалааралық облысаралық, ауданаралық (қалааралық облысішілік) және республикалық маңызы бар қалаларда, астанада қалалық және қала маңындағы тұрақты тасымалдау маршруттары бойынша – облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарына;
жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттары бойынша – аудандардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдарына жібереді.
Жолаушылар мен багажды қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік, ауданаралық, қалааралық облысаралық автомобильмен тұрақты тасымалдауға арналған автобустардың қозғалыс кестесі осы Қағидаларға 2-1-қосымшаға сәйкес қалыптасады.»;
27-тармақ алып тасталсын;
92, 93 және 94-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: