Осы редакция 2016 жылғы 22 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
міндетін атқарушы
2015 жылғы 5 мамырдағы
№ 311 бұйрығына
2-қосымша
«Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына лицензия беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші), соның ішінде www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы немесе www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетіледі.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған).
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - жеке сот орындаушыcы қызметiмен айналысу құқығына лицензия беру немесе көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу үшін көрсетілетін қызметті алушы жүгінген жағдайда - мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі электрондық форматта рәсімделеді, басылып шығарылады және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының мөрімен және қолтаңбасымен куәландырылады.
Порталда мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.
4. Осы регламентте пайдаланылатын ұғымдар мен қысқартулар:
1) «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі - ЭҮП) - нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық мемлекеттік қызметтерге қолжетімділіктің бірыңғай терезесін білдіретін ақпараттық жүйе;