«Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2015 жылға арналған республикалық бюджеттен денсаулық сақтауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 11 наурыздағы № 123 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы №1064 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2015 жылға арналған республикалық бюджеттен денсаулық сақтауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 11 наурыздағы № 123 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., №13, 70-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2015 жылға арналған республикалық бюджеттен денсаулық сақтауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларында:
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) жан басына шаққандағы кешенді нормативтің ынталандырушы компоненті (бұдан әрі - ЖНЫК) - «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде іс-шаралар кешенін көрсетуге қатысатын денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлерін көтермелеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 429 бұйрығымен бекітілген Денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлерді көтермелеу қағидаларында (бұдан әрі - Денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлерін көтермелеу қағидалары) айқындалған тәртіппен түпкілікті нәтиженің қол жеткізілген индикаторларының негізінде медициналық санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі - МСАК) көрсететін денсаулық сақтау субъектісінің қызметкерлерін ынталандыруға бағытталған құрамдас бөлігі;»;
6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: