Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАР ҰЙЫМДАРЫНА ЖІБЕРУ ҮШІН МЕК...

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датавторник, 23 июня 2015
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениявторник, 23 июня 2015

Осы редакция 2016 жылғы 1 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің

2015 жылғы 23 маусымдағы

№ 148 қаулысымен

бекітілген

 

 

«Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі

(7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою»

 мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет облыстық маңызы бар қаланың, ауданның жергілікті атқарушы органдарымен, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдерімен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 172 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - стандарт) негізінде көрсетіледі.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - ХҚКО);

3) «электронды үкімет» веб-порталы: www.e.gov.kz (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

Стандарттың 7-тармағына сәйкес бірінші кезекте орын алу құқығы мыналарға беріледі:

1) заңды өкілдері мүгедек болып табылатындардың балалары;

2) ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар;

3) жетім балалар;

4) көп балалы отбасылардан шыққан балалар;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами