«Қала құрылысы жобаларын (егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары мен құрылыс салу жобаларын) әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 505 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2022 жылғы 15 маусымдағы № 341 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қала құрылысы жобаларын (егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары мен құрылыс салу жобаларын) әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 505 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21342 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қала құрылысы жобаларын (егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары мен құрылыс салу жобаларын) əзірлеу, келісу және бекіту қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. ЕТЖЖ жəне құрылыс салу жобалары елді мекендердің бас жоспарларында белгіленген жоспарлы құрылым элементтеріне, қала құрылысы регламенттеріне жəне бірыңғай сəулет стилінің тұжырымдамасына сəйкес əзірленеді.
Бұл ретте ЕТЖЖ және құрылыс салу жобалары мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріндегі мәліметтерді есепке ала отырып, Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43, 44, 44-1 және 45-баптарында көзделген игерілген жер учаскелері және/немесе жер учаскелеріне жеке меншік, сондай-ақ уақытша жер пайдалану құқығын есепке ала отырып әзірленеді.»;
8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: