«Ақпараттық-коммуникациялық қызметтердің каталогын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 23 қарашадағы № 254 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 18 маусымдағы № 216/НҚ бұйрығы
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 25 қарашадағы № 463/НҚ бұйрығымен күші жойылды
«Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 29) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ақпараттық-коммуникациялық қызметтердің каталогын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 23 қарашадағы № 254 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ақпараттық-коммуникациялық қызметтердің каталогында:
реттік нөмірлері 3.8, 3.8-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
| «3.8 | «Smart Data Ukimet» ақпараттық-талдау жүйесі | Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі |