«Фитосанитариялық нормативтерді, фитосанитариялық есепке алу нысандарын, сондай-ақ оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 15-02/584 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2026 жылғы 27 қаңтардағы № 34 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Фитосанитариялық нормативтерді, фитосанитариялық есепке алу нысандарын, сондай-ақ оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 15-02/584 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11913 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Өсімдіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 15) тармақшасына, 13-бабына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес фитосанитариялық нормативтер;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес пестицидтерді өндіру және (немесе) өткізу туралы есеп нысаны;
3) осы бұйрыққа 2-1-қосымшаға сәйкес пестицидтерді импорттау және өткізу туралы есеп нысаны;
4) осы бұйрыққа 2-2-қосымшаға сәйкес пестицидтерді сақтау туралы есеп нысаны;
5) осы бұйрыққа 2-3-қосымшаға сәйкес химиялық өңдеулерді жүргізу туралы есеп нысаны;
6) осы бұйрыққа 2-4-қосымшаға сәйкес тыйым салынған, жарамсыз болып қалған пестицидтерді және олардың ыдыстарын, сондай-ақ пайдаланылған пестицидтердің ыдыстарын залалсыздандыру жөніндегі есеп нысаны;
7) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес фитосанитариялық есепке алу нысандарын ұсыну қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген фитосанитариялық нормативтерде:
134, 135 және 136-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
| 134 | Үйірлі шегіртке тектестер: италиялық прус | дернәсілдер | ауыл шаруашылығы алқаптары | вегетациялық кезең | 1 шаршы метрге 5 және одан көп дана |