«Азаматтық авиациядағы ұшуды имитациялаудың тренажерлік құрылғыларын бағалау жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 4 шілдедегі № 436 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2024 жылғы 23 мамырдағы № 185 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Азаматтық авиациядағы ұшуды имитациялаудың тренажерлік құрылғыларын бағалау жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 4 шілдедегі № 436 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15458 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық авиациядағы ұшуды имитациялаудың тренажерлік құрылғыларын бағалау жөніндегі қағидаларда:
4-тармақтың мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Пайдалануға жарамдылығын айқындау үшін азаматтық авиациядағы ұшуды имитациялаудың тренажерлік құрылғыларын бағалау бастапқы, кезеңдік және арнайы бағалау түрінде жүзеге асырылады.
Ұшуды имитациялаудың тренажерлік құрылғыларын бастапқы бағалау тренажерлік құрылғыны пайдаланылатын орында алғаш орнатқан кезде жүргізіледі.
Тренажердің біліктілік деңгейіне қойылатын стандартты талаптарға жауап беретіндігін куәландыру мақсатында 1990 жылға дейін жүргізілген, мерзімді бағалау үш жылда бір рет жүргізілетін процедуралық тренажер құрылғысын (FPTD) қоспағанда, ұшуды имитациялайтын тренажер құрылғыларын мерзімді бағалау жыл сайын жүргізіледі
Ұшуды имитациялаудың тренажерлік құрылғыларын арнайы бағалау:
тренажердің басқарылу сапасына және онда жүргізілетін ұшу-техникалық сипаттамаларға немесе жүйелерге әсер етуі мүмкін тренажердің аппараттық және (немесе) бағдарламалық қамтамасыз етуі елеулі өзгергенде;
тренажер жұмысы бастапқы біліктілік бағалауын жүргізу кезінде қойылатын стандартты талаптарға сәй келмейтінін көрсететін жағдай анықталған кезде;
жоғарырақ біліктілік деңгейін алу үшін тренажерді жаңғырту туралы өтінім алған кезде;