Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызметтерді және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекті алу үшін Солтүстік Қазақстан облысының азаматтарына тұрақты тұратын елді мекеннен тысқары жерлерге тегін жол жүруді ұсыну туралы
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 7 қазандағы № 48/14 шешімі
Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 12-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің арнайы комиссиясы берген белгіленген үлгідегі жолдама болған жағдайда, медициналық көрсеткіштер бойынша емделуге жіберілетін Солтүстік Қазақстан облысының азаматтарына тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызметтерді және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекті алу үшін, сондай-ақ медициналық ұйымның дәрігерлік-консультациялық комиссиясының хаттамасында ілесіп жүру бойынша ұсыным болған жағдайда пациентке еріп жүретін тұлғаға (бір адамнан артық емес) тұрақты тұратын елді мекеннен тыс жерлерге тегін жол жүру ұсынылсын.