«Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 534 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13085 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарда:
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Талаптарда мынадай негізгі ұғым қолданылады: орта білім беру ұйымы – бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы.
3. Талаптардың мақсаты – міндетті мектеп формасын қолдануда орта білім беру ұйымдарының бірыңғай келісімін қамтамасыз ету, ата-аналардың мектеп формасына жағымды қатынасын қалыптастыру, оқытудың зайырлы сипатын сақтауда оқу орны басшыларының және кеңестердің (қамқоршылық кеңес, ата-аналар комитеті, мектептегі өзін-өзі басқару) жауапкершілігін арттыру.»;
8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Ұлдардың мектеп формасы:
пиджак, жилет, шалбар, мерекелік жейде, күнделікті жейде, не түймелері бар немесе сыдырмалы тоқылған күрте/кардиган, поло жейде немесе тенниска (қысқы мезгілде: трикотаж жилет, водолазка). Ұлдарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады.
9. Қыздардың мектеп формасы:
Қыздардың мектеп формасы:
пиджак, жилет, юбка, шалбар, классикалық жейде, не түймелері бар немесе сыдырмалы тоқылған күрте/кардиган, поло жейде немесе тенниска (қысқы уақытта: трикотаж жилет, сарафан, водолазка). Қыздарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады.»;
10-тармақ алып тасталсын:
12-тармақ алып тасталсын:
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: