Қазақстан Республикасы Ішкі істер министірінің «Азаматтық және қызметтік қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын бекіту туралы» 2019 жылғы 20 маусымдағы № 562 және «Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы қағидаларын бекіту туралы» 2019 жылғы 1 шілдедегі № 602 кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 27 қазандағы № 739 бұйрығы
1998 жылғы 30 желтоқсандағы «Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» Заңының 29-бабы 1-тармақ 8-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министірінің «Азаматтық және қызметтік қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын бекіту туралы» 2019 жылғы 20 маусымдағы № 562 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18881 тіркелген; 2019 жылғы 28 маусымда Қазақстан Республикасының нормативті құқықтық актілердің Эталлондық бақылау банкінде жарияланды) келесі өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық және қызметтiк қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларында:
4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) қару мен патрондар олардың сақталуын қамтамасыз ететін, сондай-ақ оларға бөгде тұлғалардың рұқсатын болдырмайтын шарттардың сақталуымен құлыпқа жабылатын сефтерде немесе металл шкафтарда, жәшіктерде сақтау. Бұл ретте қару оқсыз оралған күйінде болады»;
4-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) қаруды оқсыз оралған күйінде тасымалдау қажет (қапта, кобурада, арнайы тарада, кейстерде, футлярда).»;
5-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) пайдаланатын қару модельдерінен атуға арналған қарудың патрондарын және зақымдаушы элеметтердің қуаты өздігінен ұлғайтылған патрондарды, қолдан жасалған зақымдаушы элементтерді (азаматтардың жеке пайдалану үшін жарақталған аңшылық атыс тегіс ұңғылы қарудың патрондарынан басқасы), жарамдылық мерзімі өтіп кеткен патрондарды, атылмай қалған патрондарды қолдануға;»;